Мақсаты: Қазақтың екі ұлы ақыны – Тұманбай және Жұбан Молдағалиевтердің өмірі мен шығармашылығын оқушыларға таныстыру. Ақындардың туған жерге, елге, тілге деген сүйіспеншілігін өлеңдері арқылы насихаттау. Оқушыларды поэзияны құрметтеуге, әдебиетке қызығушылыққа тәрбиелеу.

    Шараға №7 білім беретін мектептің 7 «Б» сынып оқушылары белсене қатысты. Шара барысында кітапханашы қос ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасын таныстырды. Оқушылар ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды: Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын», «Елім менің» өлеңдері. Тұманбай Молдағалиевтың «Ана туралы жыр», «Сүйемін туған тілді» өлеңдері.

   Сонымен қатар, оқушылар ақындардың сөзіне жазылған әндерді тындап, өлең жолдарының мазмұны мен мәнін талқылады. Поэзия кеші жоғары деңгейде өтті. Оқушылар қазақ поэзиясының ұлылығын сезініп ақындардың өмірі мен шығармашылығына  қызығушылық танытты. Іс-шара патриоттық сезімді арттырып, туған тіл мен елге деген сүіспеншілікті нығайтты.