Мақсаты: ұлы ақынның мол мұрасын өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттау; ақынның үлгі-өнеге алуға бағытталған туындыларын кітап көрме арқылы таныту.
Ұлы ойшыл, хәкім Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай кітапханамызда «Абай мұрасы – асыл қазына» атты кітап көрмесі әзірленді. Көрмеге ақынның еңбектері мен туындылары, ақын жайлы деректер қамтылған әдебиеттер қойылды.
Ұлы ойшылдың еңбектері күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпай, баршамызға рухани азық, өмірлік бағыт-бағдар беретін асыл қазына болып отыр. Ілім мен білімге, өнерге шақырған Абай мұрасы бүгінде өз өміршеңдігін дәлелдеді.







