Ұлы ақын, ойшыл, қазақ халқының рухани қөзі, Абай Құнанбайұлының 179 жылдық туған күніне орай «Абай – қазақ болмысының айнасы» атты тақырыбында бейнепрезентация өткізілді.
Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу. Бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.
Іс шараға 5 және 7 сынып оқитын Абай Құнанбаев атындағы № 4-ші мектеп-лицейінің оқушылары болды. Кітапханашы балаларға ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы айтып өтті. Одан кейін оқушылардың назарына «Абай Құнанбаев өмірбаяны», «Абай Құнанбаев - ұлы ойшыл» бейне-роликтер көрсетілді. Сонымен қатар, ақын туралы викториналық сұрақтар қойылып, балалар белсене жауап берді. Қатысушылар Абайдың өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды. Атап айтсақ: Абай Құнанбаев атындағы №4 мектеп – лицейінің оқушылары: Қоңыр Алуа 5 «Ә» сынып «Ғылым таппай мақтаңба», Мизанбай Айзере 5 «Ә» сынып «Бірінші қара сөз», Мұхтарбек Айзере 7 «А» сынып «Қалың елім қазағым», Абдулла Нұрсауле 7 «А» сынып, «Қүз».
Абай күніне орай «Ұлы ақын – Абай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ақынның жазған өлеңдері мен шығармалары жайлы кітаптар мен журналдар қойылды.
Қатысушылар саны: 10 оқушы