ЕРЕЖЕСІ
1.1 Ереже «Кітапқа жол» сайысын өткізу тәртібін, мәртебесін, мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
1.2. Сайысты ұйымдастырушылар: «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Сәтбаев қаласының балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ-сі.
1.3. Сайыстың мақсаты: оқу мәдениетін дамыту және қолдау, оқушылар арасында «Үздік оқырман», «Үздік кітап оқитын сынып», «Үздік кітап оқитын мектеп» номинациялардың иегерлерін анықтау.
1.4. Міндеттері: Сәтбаев қаласының қітапқұмар жастарына ең үздік қазақ, шетел жазушыларының шығармаларын насихаттау, жастардың классикалық, қазіргі заманауи әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін ояту, жастардың бойында кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастырып, жетілдіру және кітап оқуды ілгерілетуге тарту.
1.5. Сайыстың мазмұны:
Сайыс қала мектептерінің оқушыларымен өткізіледі. Әр мектептен оқушылар (оқырмандар) сайысқа қатысуға мүмкіндік алады. Қатысатын бастауыш сынып оқушыларына 3-4 кітаптан; 5-7 сынып оқушыларына 5-6 кітаптан; 8-11 сынып оқушыларына 10-нан кем емес кітапты оқуы міндеттеледі. Сыныбын қатыстыруда белсенділік танытқан сынып жетекшісі Алғыс хат пен сыйлықпен марапатталады.
1.6. Сайысқа қатысу үшін іріктелетін кітаптар:
а) Адамгершілік, ізгілікке үндейтін, жалпы адамзаттың және ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын, дәстүр мен тарихтан тамыр тартатын, қиял әлеміне жетелеп, шытырман оқиғалардың түйінін тарқататын, ойлау қабілетін ұштайтын;
б)жанрлық жағынан сан алуан; в) көркемдік құны жоғары.
2. Сайыс талаптары:
2.1. Сайысқа қатысушы үміткер Сәтбаев қаласының тұрғыны, орта білім беру орындарының оқушысы болуы шарт.
2.2. Сайыс барысында қатысушылар өздері оқыған кітаптар жайлы фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілерінде «Кітапқа жол!» хэштегімен қысқаша посттар салып, мектепаралық видео эстафеталар жолдауы тиіс. Видео эстафеталарда әр мектептегі сайысқа қатысушылар топталып өзге мектептегі құрбыларын жігерлендіру мақсатында өздерінің қанша кітап оқығандықтарын және алдағы айларда қанша кітап оқып бітіре алатындықтарын айтып, фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілерінде «Кітапқа жол!» хэштегімен видео жариялауы тиіс.
2.3. Сайыс қорытындысында оқушы кітап жайлы пікірін айтып, оқыған кітаптарының мазмұны бойынша арнайы дайындалған сұрақтарға жауап береді.
3. Сайыстың өткізілу уақыты
3.1. Сайыстың өткізілу уақыты: 01.01.2026 ж. – 31.12.2026 ж. аралығында. Сайысқа қатысушыларды марапаттау мектеп басшыларының келісімі бойынша күнді белгілеуіне сәйкес өтеді.
Қорытындылау
Сайыстың ең белсенді қатысушыларына номинация бойынша арнайы диплом және ақшалай сыйақы тапсырылады.
Сайыс қорытындысы әлеуметтік желілерде және БАҚ-да жарияланады.
Жүлде қоры: 1-4 сыныптар үшін әр мектептен
«Үздік оқырман» - 20 (жиырма) мың теңге
«Үздік кітап оқитын сынып» - 20 (жиырма) мың теңге
5-7 сыныптар
«Үздік оқырман» - 20 (жиырма) мың теңге
«Үздік кітап оқитын сынып» - 20 (жиырма) мың теңге
8-11 сыныптар үшін
«Үздік оқырман» - 20(жиырма) мың теңге
«Үздік кітап оқитын сынып» - 20 (жиырма) мың теңге
«Үздік кітап оқитын мектеп» - 300 (үш жүз) мың теңге.
Байланыс телефондар: 8 (71063) 7-46-44. Е-mail: biblioteka_15.86@mail.ru







