Мақсат: Өскелең ұрпақты қала тарихымен таныстыра отыра, оны сүюге, құрметтеуге, қадірлеуге үндеу.
Библиоглобусқа кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Кітапхана қызметкері А.Бектас оқушыларға қала тарихы мен шығу тарихымен таныстырып өтті. Бүгінде өсіп-өркендеген қала көшелерінің атауына да тоқталып, әр көшенің шығу тарихы туралы оқырмандарға әңгімелеп берді. Өз кезегінде кітапхана оқырмандары қала тарихына қатыстьы өздері білетін ақпараттарды ортаға салды. Қала тарихына қатысты кітап көрмесі де оқырмандарға таныстырылды.







