Мақсаты: Балаларға арналған  жаңа және классикалық  әдебиеттерді таныстыру, балаларды кітап оқуға деген қызыушылығын арттыру.балалар әдебиетін насихаттау және бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.

Осы іс-шараға 6 «А» сынып  оқушылары қатысты. Библиограф Ә.Шегебаева балаларға қазақ әдебиетіндегі балалар жазушылары Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», С.Мұратбековтің «Жабайы алма», С.Бегалиннің «Шоқан асулары», Қ.Әбдіқадіровтің «Қажымұқан» т.б. көптеген шығармаларға тоқталып, және осы шығармалар желісінде түсірілген бейне сюжеттер көрсетілді. Шара соңында балаларға викториналық сұрақтар қойылып, кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттер бар екенін жарнама жасап  өтті. Нәтижесінде балалар кітап оқуға деген қызығушылық танытып жатты және өздері оқыған кітаптары туралы айтып  ойларымен бөлісті.