Қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90- жыл толуына орай Ыбырай Алтынсарин атындағы №19 мектепте 6 «Б» сыныбының оқушыларымен «Шын ақынды- өмір жасайды» атты танымдық шара өткізілді.

 Іс-шара барысында кітапханашы Б. Аимбетова оқушыларды ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Жұмекен Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным», «Жаңғырық», «Қасірет пен қайсарлық» және басқа да маңызды туындылары туралы жан-жақты мәлімет берілді.

Шараның келесі бөлімінде оқушыларға ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған видеороликтер көрсетілді. Ж. Нәжімеденов «Тағдыр жолы», «Ел тарихындағы елеулі тұлға- Жұмекен», «Жұмекен Нәжімеденов-90 жас». Бұл оқушылардың қызығушылығын арттырып, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі туралы тереңірек мағлұмат алуға мүмкіндік берді.

 Іс-шара Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылық мұрасын дәріптеуге және оқушылардың әдеби білімін кеңейтуге бағытталды.