Ақын ҚР Мемлекеттік әнуранының авторы Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жасқа толуына орай «Шын ақынды – өмір жасайды» атты таныстыру сағаты болып өтті. Ыбырай Алтынсарин атындағы № 19 мектепте йымдастырылды.
Мақсаты: Қазақ әдебиетінің айтулы ақыны, Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы жаңа әнұранының авторы Ж. Нәжімеденовтың өмірбаянымен, шығармашылық жолымен таныстыру. Оқушыларды отансүйгіштікке, елін, жерін қорғай білуге тәрбиелеу.
Шараға Ыбырай Алтынсарин атындағы №19 мектептің 6 «Б» сынып оқушыларымен ұйымдастырылды. Шара барысында ақынның өмірбаяны, негізгі поэтикалық мұралары, сонымен бірге ҚР Мемлекеттік Әнұранының жазылу тарихы таныстырылды. Оқушылар ақын өлеңдерін оқып, шығармашылығы туралы өз ойларымен бөлісті. Сондай – ақ оқушылар назарына Ж. Нәжімеденовтің өмірі жайында «Тағдыр жолы», «Ел тарихындағы елеулі тұлға- Жұмекен», «Жұмекен Нәжімеденов-90жас» тақырыбындағы бейне-роликтері көрсетілді. Шара соңында кітапханашы Ж.Нәжімеденовтың «Менің Қазақстаным», А. Ахметбекұлы «Жұмекеннен 100 өлең», Ж. Нәжмеденов «Қасірет пен қайсарлық», «Таңдамалы шығармалары» Ж. Нәжімеденов «Жаңғырық», шығармаларын таныстырып өтті.







