Мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі ұстаздың атқаратын рөлін ұғындыру,  ұстаздық қызметтің мән-мағынасын түсіндіру.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуге балаға» атты әдеби-сазды кешке Б.Момышұлы атындағы №1 мектеп-гимназияның 1 «Б» сынып оқушылары қатысты. Әдеби-сазды кеште №7 жалпы білім беретін мектептің 3«А» сынып оқушылары қазақтың ұлы педагог-ағартушысы Ы.Алтынсариннің «Мақтақыз бен мысық» ертегісінен сюжеттік көрініс сахналады. Ертегіні тамашалай отыра, оқушылар жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренудің маңызын ұғынды. Достық, әдептілік сынды жақсы қасиеттермен танысты. Адам еңбегін бағалау қажеттілігін ұғынып, кешірімді болудың маңызын түсінді. Сондай-ақ оқушылар өздері жаттап келген ұстаз туралы өлеңдерін мәнерлеп айтып, қазақ биін де биледі.