Мақсаты:   Оқушыларға туған өлке тарихы мен географиялық орны, халқы туралы мәлімет беру. Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары ардагер ағалар ерлігін, өнегесін үлгі ету.Отанын, елін сүюге, ұлтжандылыққа, туған жерін қорғауға тәрбиелеу.

 Бұл іс-шараға   Абай атындағы №4 мектеп лицейінің  7 «Б»,  5 «Б» сынып оқушылары келіп қатысты.    Библиограф Ә.Шегебаева   Сәтбаев қаласының  тарихымен таныстырып өтті және қаламыздың негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтің есімімен тікелей байланысты екенін айтып, балаларға Қ.И.Сәтбаевтың қысқаша өмірбаянынан мәлімет берілді және  қаламыздың көрікті орындарымен бейне слайд арқылы қызықты ақпараттар айтылды. Берілді. «Туған күніңмен, Сәтбаев» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды бұнда библиограф М.Сәрсекеевтің «Қазақтың Қанышы», «Біздің Қаныш Имантайұлы», «Қаныш Сәтбаев» атты кітаптарды және қаламыздың тарихи деректері жазылған  «Сәтбаев қаласы», «Шырайлы шаһар- Сәтбаев», «Сәтбаев қаласының көшелері» атты энциклопедиялармен анықтамаларға тоқталып өтті.

Нәтиже: Оқушылар Сәтбаев қаласы турады деректер алып, қаланың даму қарқыны туралы өз ойларымен бөлісті.