Мақсаты: Балаларға 1-қазан қарттар күні туралы түсінік бере отырып, қарттарға құрметпен қарауға, сыйлауға үйрету, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру. Үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға, халқымыз- дың ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыздан нәр алуға, сақтай білуге тәрбиелеу.
Бұл шараға ЖББМ №7 мектебінің 3- сынып оқушылары қатысты және қонақтарымыз Ү.Тәжина мен С.Әбішова әжелеріміз арнайы келді. Кітапханашы оқушыларға, қарт кісілерді сыйлап, әрдайым үлкендерге құрмет көрсетіп, оларға деген ыстық ілтипат ғасырдан – ғасырға жалғаса беретінін және аға буынның өмір жолынан кейінгі буынның алар тағылымы зор екенін айтып өтті.Қарияларымыз да өз өмір жолдарынан сыр шертіп,өсиет сөздерімен, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Ал оқушылар болса жүрекжарды өлең шумақтарын оқып,құрметке лайық ізгі ықыластарын білдірді.







