№3 мектептің 10 «а» сыныбы қатысқан әдеби портрет сабағында оқушылар заңғар жазушының өмірі мен шығармашылығы  туралы мол мағлұмат алды. Еліміздің рухани тыныс-тіршілігі мен әлеуметтік-саяси тарихында өшпес із қалдырған заманымыздың заңғар жазушысы, әрі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының (1939-2015) қаламынан туған мол мұрасын насихаттаған кітапхана қызметкері А.Бектас оқушыларға да сөз кезегін берді. Оқушылар жазушының шығармаларынан үзінді оқып, тағылымды өмірбаяны туралы естіп-білді.    

Жазушының өмірбаянымен таныса отыра, оның мінез-құлқын бағалап-саралаған оқушылар жазушының тарихи шығармаларына қызығушылық танытты.