Мақсаты: Балаларда мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, әлем еліндегі жаңа жыл мерекесі қалай өтетінің балаларға түсіндіру, карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.

Абонемент бөлімінің кітапханашысы Б.Толкимбекова келген оқушыларға «Жаңа жыл әлемді шарлайды» тақырыбында слайд көрсетіп, слайдта әлемде жаңа жылды қалай және немен қарсы алатыны жайында көрсетіп, таныстырды. Ісшараға қаламыздың №3 жалпы білім беретін мектепбінің 3 «Б»сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Айтпаева Ақбаян Айтбаевна   қатысты. Шолу барысында балалар өздері жаңа жылды қалай қарсы алатынын және қайда өткізетінің әңгіме етті.

Шара соңында кітапханашы «Қош келдің жаңа жыл» атты кітап көрмесімен таныстырды.кітап көрмеге А.Усачев «Жаңа жылдық құтықттаулар», Г.-Х. Андерсеннің «Ертегілері»,  И.Гуринаның «Ормандағы жаңа жыл» т.б. көптеген кітаптар қойылды.