Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, сыпайлыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттерден аулақ болуы керектігі туралы білімдерін қалыптастыру, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажатыра отырып,әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын , таным- белсенділігін арттыру.
Шараға жалпы білім беретін №25 мектептің жазғы лагерінің 4,5сынып оқушылары қатысты. Тәрбие сағат барысында кітапханашы Толкимбекова Б. оқушыларға әр адам бойында жақсы мен жаман қасиеттердін болатының айтып, ол қасиеттер ананың сүтімен беріле отырып, ана тілімен де үйренетінің айтып өтті. Сондай –ақ кітапханашы слайд көрсетіп, суреттердегі жақсы мен жаманды айыра білуге, үлкеннен жақсыны үйреніп, жаманнан жирену керектігіне тоқталып, кез–келген жағдайда ашу шақырмай сабырлы болу керектігін, ашу әр кезде жамандыққа апаратының айтып өтті.
Шара соныңда «Сиқырлы сөздер» атты ойын ойнатылды. Ойында жақсы сөзде қол соғып, жаман сөзде аяқ топылдатып, жақсы мен жаман әдеттерді айыра білді. Нәтижесінде оқушылар тәрбие сағатынан ашудын жаман, ақылдын жақсы екенің біліп, ашу шақырмай сабырлы болу керектігін үйренді.