Мақсаты: кітапхана оқырмандары өткізген кітаптарды жаңа оқырмандарға табыстау.
Ақындар аллеясында ұйымдастырылған «Жазғы демалыста – кітап әлемімен» атты шарада қала тұрғындарына кітапханадағы букроссинг бұрышында жинақталған кітаптар сыйға тартылды. Шара барысында қала тұрғындары өзіне ұнаған кітаптарды тегін сыйға алып, біліммен сусындауға мүмкіндік алды. Олар да өз кезегінде оқыған кітаптарды өзгелерге табыстайтынын жеткізді.







