Мақсаты: танымал орыс және шетел халықтарының ертегілерін насихаттай отыра, оқушыларды кітап оқуға шақыру; ертегі арқылы оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту және оларды  адамгершілікке тәрбиелеу.

Викториналық ойын түрінде өткен іс-шараға №25 жалпы білім беретін мектептің «Солнышко» жазғы сауықтыру лагерінің «Смешарики», «Веселые ребята» топтары қатысты. Сауықтыру лагерінің белсенді тәрбиеленушілері екі топқа  бөлініп, өз араларынан үздіктерді анықтады. Оқушылар орыс және шетел әдебиеттерінің ең танымал ертегілері бойынша қойылған сұрақтарға бірлесе жауап іздеді. Ойын барысында ертегі  кейіпкерлерін табу, кілт сөздерді анықтау сынды қызықты сауалдар қойылды. Ертегі тақырыптары жұмбақ түрінде жасырылып, ертегіден үзінділер де оқылды. Шара соңында «Лунтик и его друзья» атты команда барлық сұрақтарға дұрыс әрі жылдам жауап беріп, жеңімпаз атанды. Кітапхана ұжымы атынан барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.