Мақсаты: Жазғы демалыста балалардың мәдени тынығуына, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, кітапханаға жаңадан келіп түскен балалар мен жасөспірімдер әдебиеттерімен таныстыру.

Ақындар аллеясында өткен шара барысында   кітапханашы  балаларға кітаптың маңызы туралы  қысқаша мәлімет  беріп, қызықты  әдебиетермен  таныстырды. Оқырмандар өздерінің сүйікті  кітаптары жайында ой бөлісіп,бір-біріне  ұнаған кітаптарын ұсынды. Шара соңында оқырмандардың көңілінен шығып,кітап оқуға деген ынтасын  арттырды.