Мақсаты: Қазақ тарихында өшпес із қалдырған мемлекет қайраткері, түркі әлемінің көрнекті тұлғасы Мұстафа Шоқайдың өмір жолы мен қоғамдық қызметін оқушыларға  жан-жақты таныстыру. Оның ұлттық тәуелсіздік  жолындағы  күресін, шетелдегі эмиграциялық қызметін, халқына деген шексіз сүйіспеншілігін үлгі ету. Сонымен қатар жас ұрпақ бойында  елжандылық,жауапкершілік, ұлттық болмыс пен бірлікке деген құрметті қалыптастыру.

Іс-шараға ЖББМ №16 мектебінің 5-сынып оқушылары белсене қатысты. Кітапханашы оқушыларға Мұстафа Шоқайдың өмірбаяны, саяси  көзқарасы және қазақ елі үшін жасаған қызметтері туралы кең көлемде ақпарат берді. Оқушылар тұлғаның ерлік жолына қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ олар тәуелсіздіктің қадірін түсіну, ел бірлігін  сақтау маңызды құндылықтары талқыланды.