Мақсаты: Міржақып Дулатов - патша өкіметінің қуғын сүргіні мен Сталиндік репрессияның зардабын шегіп, тар жол тайғақ кешуді басынан өткізіп, әділет пен шындық жолында халқының мұң-мұқтажын жақтаған ұлтжанды ерлеріміздің бірі болған.  ХХ ғасырдың бас кезінде қанат жайған демократиялық қозғалыстың, ел ішіндегі еркіндіктің мәдени өркендеуі үшін күрескен өкілдеріміздің бірі.

Шараға жалпы білім беретін  №7 мектебінің 6- сынып оқушылары  белсене  қатысты.  Кітапханашы А.Бейсова М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы  туралы кеңінен  мәлімет беріп өтті.  Келген оқырмандар Ұлы тұлға жайында алған білімдерімен өз ойларын айтып, қойылған сұрақтарға белсене жауап берді.