Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.Тіл байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал –мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
ЖББМ №7 мектебінің 6 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы алдымен оқушыларды Тілдер күнімен құттықтап, А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беріп өтті. Оқушылар А.Байтұрсынұлының «Масса» шығармасын талдап,өз пікірлерін ортаға салды. Оқушылар сұрақтарға белсенді түрде жауап берді. Сонымен қатар «Тіл-ұлттық тәрбиенің негізі» атты кітап көрмесімен танысты. Көрмеге «Масса», «А.Байтұрсынұлының энциклопедиясы», «5Арыс», «Сағыр» кітаптары қойылды.







