Мақсаты: Балаларға ұлттық тағамдар, оның пайдасы, қасиеті туралы түсінік беру. Ұлттық тағамдарды қалай дайындау, дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу, өз ұлтының тағамдарын қадірлеуге үйрету.
Қазақ дастарқанына ұннан, сүттен, еттен жасалған тағамдар қояды. Қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде еттің орны ерекше. Алуан турлі қуырдақ, қазақша ет, бұқпа, көмбе, сырбаз секілді тағамдар дастарқанымыздың қадірін арттыра түседі. Ұлт тағамдарының негізі болып табылатын сүттің орны бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүттен қымыз, шұбат, қатық, малта, май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ, айран сияқты тағамдар жасаған. Сүт тағамдарының қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы. Ұннан жасалатын тағамдар: бауырсақ, шелпек, құймақ, күлше, таба нан, жент, талқан, сөк.